ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 5 шетелдік елден шығарылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 5 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары ел аумағына келген шетелдік азаматтардың мекенжайларын, оларды қабылдаушы адамдардың тиісті органдарға хабарлап отыруларын тұрақты түрде тексеруде.
«Соның нәтижесінде, уәкілетті органның рұқсатынсыз өңірде жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 5 азаматы анықталды. Олар сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді аталған шетелдіктерге елге кіруге 5 жыл бойына тыйым салынды», деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Максим Пупков.
Сондай-ақ шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті материалдар Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.
