Теннис
1 мин оқу 200

Елена Рыбакина федерация сыйақысынан бас тартты

<p style="text-align: justify;">Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский айтты.</p>

Айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін айтты.

«Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ», деді Ю. Польский.

Бөлісу:
Елена Рыбакина федерация сыйақысынан бас тартты · Egemen Qazaqstan