Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 470

Үшарал әуежайының ауқымы кеңейеді

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Әлия Әбсеметова Жетісу облысына сапары барысында Алакөл ауданындағы кәсіпкерлік және туризм саласының өкілдерімен кездесті.</p>

Үшарал әуежайының ауқымы кеңейеді

Іссапар барысында мәжілісмендер Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу барысымен танысты.  Депутаттар әуежайды аралап, ғимараттың қауіпсіздік жүйесін бақылады.

«Әуежай 2018 жылы ашылған. 2021 жыл­дан бастап  ұшу жолағын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Осы айда  жөндеу жұмыстары аяқталады деп жос­парлануда. Тамыз айынан бастап өз жұмысын жандандырады», де­ді әуежай басшысы Әшірбек Бақыт­жанов.

Айта кетейік, әуежай күніне 400 адам қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ халық қалаулылары бірқатар туристік нысанды аралады. Алакөл көлі жағалауын да­мытудың бас жоспарына сәйкес сумен, электрмен қамту, кәріз жүйесін жүргізу қолға алынған. Биыл жағалауда 3 ірі инвес­тициялық жоба жүзеге асырылып, ірі демалыс орындары іске қосылды. Жалпы саны 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, жобаларға 3 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Былтыр жағалауда 1 млн 400 мың адам демалып, 8,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуын­ша, биыл жағалауды  қоршау жұмыстары басталған. Ақши мен Көктұма ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 13,4 шақырым жағалау қоршалуға тиіс. Жобаның құны 6 млрд теңге, қаржы кезең-кезеңімен бөлінеді.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Үшарал әуежайының ауқымы кеңейеді · Egemen Qazaqstan