Оқиға
1 мин оқу 221

Атырауда тұрғын үй кешені толықтай өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Атырауда тұрғын үй кешені толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс орталығындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде ірі өрт болған.
 
«Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жетті. Олар жалпы ауданы 1200 шаршы метр екі қабатты үйдің шатыры мен екінші қабаты толығымен өртеніп жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге 97 адам мен 25 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.
 
Куәгерлердің айтуынша, пәтерлердің бірінде ұзартқыш электр құрылғыда қысқа тұйықталу болып, тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген.
 
Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 
Бөлісу:
Атырауда тұрғын үй кешені толықтай өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan