ІІМ жүйесінде ашық кадрлық тағайындаулар өтті
<p style="text-align: justify;">ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды қарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.
Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:
– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;
– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;
– ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;
– Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;
– Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.
