Теннис
1 мин оқу 183

Уимблдон чемпионын күтіп алды

<p style="text-align: justify;">Теннистен &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы ең маңызды төрт турнирдің бірі &ndash; &laquo;Уимблдонда&raquo; жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні елге оралды. Еліміздің әйелдер арасындағы бірінші ракеткасын елорда әуежайынан спортшының туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.</p>

Уимблдон чемпионын күтіп алды

Әлемдік теннис турнирінің жеңімпазын Нұр-Сұлтан қаласы­ның халықаралық әуежайы­нан Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан  Бекмурзаев және әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген чемпиондар да құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Ал сейсенбі күні қазақстандық теннисші Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қабыл­дауын­да болды. Түстен кейін Елена Рыбакина қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесіп, жур­на­лис­терді қызықтырған сұрақ­тарға жауап берді. Баспасөз мәсли­хатында Елена «Уимблдон» жарысы­на қалай дайындалғаны тура­лы айтып, жеңісінен кейінгі әсерін ортаға салды. Сондай-ақ ол жиын барысында қазақстандық жан­күйерлердің ерекше қолдауына ризашылығын білдіріп, журналис­терге Қазақстанның азаматша­сы еке­­нін дәлелдейтін жеке куәлігімен паспортын да көрсетті. Бас­па­сөз жиынында айтылған бұдан да бас­қа сұрақ-жауапты газетіміздің келесі санында толық жариялаймыз.  

Журналистермен кездесуден кейін Е.Рыбакина Ұлттық теннис орталығындағы кортта еліміздің жас теннисшілерімен кездесіп, оларға арнайы шеберлік-сабағын өткізді. Содан кейін елордалық теннис жанкүйерлерімен де жүздесіп, естелікке суретке түсіп, қолтаңба берді.

Бөлісу:
Уимблдон чемпионын күтіп алды · Egemen Qazaqstan