Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Red Wings әуе компаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұша бастайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Red Wings мәліметіне сәйкес, аталған бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.
Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.
Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуе компания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.