Экология
1 мин оқу 990

Елімізде Су ресурстары проблемалары жөнінде ғылыми-талдау орталығы құрылады

<p style="text-align: justify;">ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов су саласында қабылданатын шешімдердің ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ол үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында Су ресурстары және су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-талдау орталығы құрылады», деді Досбол Бекмағамбетов.

Министрлік өкілінің айтуынша, аталған шараларды қабылдау еліміздің су саласының жағдайын едәуір жақсартуға және Қазақстанның су қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Елімізде Су ресурстары проблемалары жөнінде ғылыми-талдау орталығы құрылады · Egemen Qazaqstan