Қоғам
1 мин оқу 166

Батумиді бағындырды

<p style="text-align: justify;">Павлодарлық жас бишілер Грузияда өткен &laquo;Идеялар толқыны. Грузия&raquo; атты ІІ халықаралық фестивалде сегіз бірдей 1-орынды жеңіп алды! Осылайша, облыс орталығындағы М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының &laquo;Блэйз&raquo; және &laquo;Тип-топ&raquo; үлгілі эстрадалық би студиялары тәрбиеленушілері биге құмар әлем жұртшылығын өздеріне қаратты.</p>

Батумиді бағындырды

Халықаралық додада Беларусь, Ресей, Грузия елдерінің де үздік бишілері өнер көрсеткенін атап өткен жөн.

– Батумидің аты аңызға айналған сахнасындағы байқауда атақты мәдениет және өнер қайраткерлері қазылық етті. Пав­ло­дарлық бишілердің өнері жоғары баға­ланды. Қара теңіз жағалауындағы фес­тиваль ұмытылмас әсер қалдырды. Бала­лар байқаудан тыс бос уақытында шеберлік сыныптары мен қызықты экскур­сиялық бағдарламаға қатысты, – дейді оқушы-
лар сарайының әдіскері Әсем Айыпова.

Байқауға тоқталсақ, «Pop Dance» санатында – «Непоседы» (кіші жас тобы), «Халықтық-стильдендірілген қазақ биі» санатында – «Кербез» (жоғары жас тобы), «Pop Dance» санатында – «Засуха» (жоғары жас тобы), «Pop Dance» санатында – «В плену интернета» (орта жас тобы), «Микс» санатында – «Саванна» тобы дара шықты. Сондай-ақ Виолетта Рябова мен Арианна Ленинг бірнеше сайыс бойынша жеңімпаз атанды. Жас бишілердің топ жетекшілері – Любовь Корнюхина мен Анжелика Булич.

Павлодар

Бөлісу:
Батумиді бағындырды · Egemen Qazaqstan