Қаржы
1 мин оқу 140

Қор нарығында доллар қымбаттады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктілерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-478 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы – 476-480,50 теңге аралығында құбылып тұр.

13 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге қымбаттап, 475,95 теңге болған.

Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,91 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,1-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Қор нарығында доллар қымбаттады · Egemen Qazaqstan