Аймақтар
1 мин оқу 400

Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

<p style="text-align: justify;">Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында нөсер жаңбыр салдарынан үш демалыс орнының аумағын су басып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы «Шонжы-Қалжат» автожолының 55 шақырымында нөсер жауын салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған. Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған.
 
«Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр», делінген хабарламада.
 
Бөлісу:
Алматы облысында үш демалыс орнын су басты · Egemen Qazaqstan