Алматы маңында жер сілкінді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 422 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </span>Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 14 шілде күні 16 сағат 4 минут 37 секундта жер сілкінісі тіркелді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 422 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. MPV магнитудасы – 4,2. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 39.58° с.е. 75.39° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», делінген хабарламада.
