Қазақстан
1 мин оқу 460

Батыста электр желілерін күшейту жұмыстары жүргізілуде

<p style="text-align: justify;">ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында &laquo;Оңтүстік&raquo; энергия аймағының электр желілерін күшейтудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі уақытта Ұлттық электр желілерін жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде Батыс энергия аймағы электр желілерін күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», деді министр.

Ол, сондай-ақ Оңтүстік энергия аймағының электр жүйелерін күшейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Негіздеме дайын болғаннан кейін жобаны іске асырудың параметрлері мен мерзімдері айқындалады», деді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатқанына ескерту жасаған еді.

Бөлісу:
Батыста электр желілерін күшейту жұмыстары жүргізілуде · Egemen Qazaqstan