Спорт
1 мин оқу 470

Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері ауысты

<p style="text-align: justify;">Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабында маңызды өзгеріс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</p>

Құраманың бас бапкері қызметіне Нұрберген Жұмағазиев тағайындалды. Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды. Н.Жұмағазиев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ ол Әлем кубогінде, Азия ойындарында және өзге де турнирлерді медаль еншілеген.

Айта кетейік, биылғы желтоқсан айында Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді. Атап айтқанда, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда әлем кубогының III және IV кезеңдері ұйымдастырылады. Алматы шаһары әлем кубогы кезеңіне қатысушыларды 2018 жылы да қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері ауысты · Egemen Qazaqstan