Аймақтар
1 мин оқу 153

Шымкенттегі жол апатынан көшеге қарбыз шашылып, екі адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Шымкентте үлкен жол апаты салдарынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып, үлкен кептеліс пайда болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

17 шілде күні сағат 14:00 шамасында Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында, мал базарына жетпей жол апаты болды. 8 көлік соқтығысып жолды жауып қалған. Салдарынан ұзын сонар көлік кептелісі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Howo маркалы жүк көлігіндегі тежегіш бірден істен шыққан. Зардап шеккендердің екеуі – Газель жолаушысы және Howo жүргізушісі.

Өкінішке қарай, 4 тонна қарбыз артып алған «Газель» көлігінің жүгі көшеде шашылып, жарамсыз күйде қалды.

Бөлісу:
Шымкенттегі жол апатынан көшеге қарбыз шашылып, екі адам зардап шекті · Egemen Qazaqstan