Елден 8 млн доллар заңсыз шығарылмақ болған
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың басынан бері елден 8 млн доллар заңсыз шығарылмақ болғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы жыл басынан бастап елден 8 млн доллардан астам қаржыны заңсыз шығарудың жолын кесті.
Осыған байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметінде азаматтарға ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес 10 мың доллар баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салды.
