Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Метрополитеннің жаңа стансаларының іске қосылғанына байланысты қаланың батыс бөлігіндегі маршрут желісін түзету жұмыстары аясында үш жаңа бағыт ашылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
15 тамыздан бастап Абай шағынауданынан Карьерная көшесі арқылы Момышұлы метро станциясына дейін жүретін №49 және Асыл арман ықшамауданынан Бесағаш шағын ауданына дейін қатынайтын №100 маршруттарды ашу жоспарланған.
Сондай-ақ 30 тамыздан бастап Кемертоған шағым ауданынан Момышұлы метро станциясына дейін қатынайтын №53 маршрутты іске қосу жоспарда бар.
Ал қолданыстағы №137 маршрут екіге бөлінеді. Осылайша, батыс бөлікте Наурызбай ауданының әкімшілік орталығынан Адем СО дейін қысқартылған №137 маршрут қалады, ал шығыс бөлікте Адем СО мен Қайрат шағынауданы аралығында №138 қатынайды.
№55 маршрут метро станцияларына дейін жеткізуші ретінде ашылып, бастапқыда оны Момышұлы станциясына дейін қысқарту жоспарланған еді. Алайда жолаушылардың сұранысы жоғары екендігі ескеріліп, бағытты Алтынсарин даңғылынан кері бұру туралы шешім қабылданды.
№110 маршрут 10 тамыздан бастап бір аялдамаға ұзартылып, Момышұлы метро станциясымен байланысатын болады.
№212 маршрутты 15 тамыздан бастап қала орталығына дейін қысқарту жоспарланған. Енді маршрут Жандосов елді мекенінен Саин-Жандосов көшелері қиылысына дейін жүреді.
Қоса кетсек, 15 тамыздан бастап №78 маршрут Алматыға солтүстік батыс бөліктен кіретін қала маңы тұрғындары үшін Момышұлы метро станциясына жеткізетін маршрут болады. Ал №23 маршрут Алматы-2 темір жол вокзалына дейін қысқартылады.
