Әлем
1 мин оқу 280

Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Үндістанда Махараштра штаты мемлекеттік жол-көлік корпорациясының автобусы өзенге құлап кеткен. Оқиға кезінде көлікте 30 адам болған, оның 13-і қаза болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Indian Express басылымына сілтеме жасап.</p>

Шамамен 15 жолаушы құтқарылған. Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Газет мәліметінше, қайтыс болғандардың туыстарына 1,2 миллион үнді рупиясы (15 мың доллар) төленеді.

Бөлісу:
Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлап кетті · Egemen Qazaqstan