Әлем
1 мин оқу 112

Шри-Ланканың жаңа президенті сайланды

<p style="text-align: justify;">Сәрсенбі күні Шри-Ланка президентінің міндетін атқарушы Ранил Викрамасингхе ел президенті болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы ел парламентінің спикері Махинда Япа Абеивардена мәлімдеді.

Оның айтуынша, Викрамасингхе 134, Даллас Алахаперума - 82, Анура Кумар Дисанаяка – 3 дауыс жинаған. Барлығы 225 депутаттың 223-і дауыс берді, екеуі келмеді, бірнеше бюллетень жарамсыз деп танылды.

Шри-Ланка парламенті алғаш рет президентті бірнеше кандидаттан сайлады. Шри-Ланка президенті бүкіл елде өтетін сайлауда бес жылдық мерзімге сайланады. Готабая Раджапакса отставкаға кетуі себебімен, конституцияға сәйкес, жаңа президентті ағымдағы мерзімнің соңына дейін заң шығарушы орган сайлады.

Шри-Ланкадағы саяси жағдай 9 шілдеде күні шерушілер мемлекет басшысы мен премьер-министр резиденцияларын басып алған кезде ушыға түсті. Тәртіпсіздік кезінде 100-ден астам адам жарақат алған. Викрамасингенің айтуынша, Шри-Ланка дағдарыстан толық шығу үшін елге кемінде үш жыл қажет.

Бөлісу:
Шри-Ланканың жаңа президенті сайланды · Egemen Qazaqstan