Қазақстан
1 мин оқу 710

«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Әния Байоразова &laquo;Жетінші арнаның&raquo; бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

Оның БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде «31 арнадан» бастаған.

Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.

2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, «Хабар» телеарнасында диктор, «Еларна» және «Алматы» телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.

«Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

«Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда.

Бөлісу:
«Жетінші арнаның» бас директоры тағайындалды · Egemen Qazaqstan