Қоғам
1 мин оқу 300
Ақтөбе облысында бақташыға жай түсті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы «Үш қатты» сайының маңында мал бағып жүрген ер адамға найзағай түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
41 жастағы ер адам 24 шілде күні сағат 06:50-де ауруханаға жеткізілген.
Ақтөбелік дәрігерлердің айтуынша, найзағай түскен қойшының денесінің 15%-ын күйік шалған.
Оң қолы, көкірек қуысы, құрсақ қабырғасы және оң аяғы зақымдалғаны айтылды.
Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа.
Бөлісу:
