Аймақтар
1 мин оқу 370
Шымкенттегі 4 мектепке танымал тұлғалардың есімі беріледі
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы 4 мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті Қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Шымкент қаласындағы № 28 мектепке – Фариза Оңғарсынованың, №80 IT мектеп-лицейіне – Ақселеу Сейдімбектің, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына – Абайдың, Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектебіне – Тәуке хан есімі берілсін», делінген Үкімет қаулысында.
Бөлісу:
