Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Павлодар облысында ірі көлемдегі дала өрті сөндірілді

02-05-14-pojar-1

ПАВЛОДАР. 2 мамыр. Кеше Павлодар облысында 800 гектар далалық алапты қамтыған ірі өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DailyNews.kz хабарлады. Өрт Иса Байзақов ауылдық округінде сағат 16:45-те басталды. «Даланың жануын 22:20 сағатта тоқтатып, 23:17 сағатта өртті толық жоюға қол жетті. Өртті жоюға Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 адамы мен бір техника бірлігі, «Мұрат» шаруашылық қожасының бес адамы мен бір техникасы қатысты», - делінген хабарламада. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: DailyNews.kz. Фото: DailyNews.kz.
Бөлісу:
Павлодар облысында ірі көлемдегі дала өрті сөндірілді · Egemen Qazaqstan