Аймақтар
1 мин оқу 250

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олардың екеуі Достық шағын ауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді.

«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға ұстады.

«Сараптама қорытындысына сәйке,  жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Бөлісу:
Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan