Аймақтар
1 мин оқу 143

Алматы қаласында жасырылған қару-жарақ табылды

<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері қалада қару-жарақ арсеналы жасырылған тағы бір орынды анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алматы қалалық криминалдық полициясының мәліметінше, Үлкен Алматы каналы бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды.

«Табылған қару-жарақтың ішінде қос ұңғылы шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқжатары жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, 1 рация бар», деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталады», деп қосты ведомство өкілдері. 

Бөлісу:
Алматы қаласында жасырылған қару-жарақ табылды · Egemen Qazaqstan