Қаржы
2 мин оқу 412

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз...

<p style="text-align: justify;">Салықтық міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда салық төлеушілер әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енуі мүмкін. Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болатынын Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтып берді.</p>

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз...

Салық кезеңі үшін Салық ко­дек­сінде белгіленген табыс ету мер­зімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаған жағдайда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады, оның ішінде:

1) заңды тұлғалар үшін кор­по­ратив­тік табыс салығы бойынша декларация, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;

2) заңды тұлғалар да, жеке кә­сiп­керлер де ойын бизнесiне са­лық, тiркелген салық бойынша дек­ларацияны көрсетiлген салық ке­зе­ңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;

3) заңды тұлғалар да, жеке кәсіп­кер­лер де екі салық кезеңі үшін оңай­латылған декларацияны ұсын­ба­ған жағдайда.

Салық төлеуші өзінің әрекетсіз салық төлеуші тізімінде бар-жоғын kgd.gov.kz сайтында, «Электрондық қыз­меттер» мәзірінен «Сенімсіз са­лық төлеу­шілерді іздеу» бөлі­мін­де тексере алады.

Егер сенімсіз салық төлеу­ші­лер тізіміне енсе

Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда мына талаптарды орындау қажет:

1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;

2) «Әкімшілік құқық бұ­зу­шы­лық туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ко­дек­сінің 272-бабына сәйкес әкім­­шілік материалды ре­сімдеу үшін орналасқан жері бо­йынша Мем­ле­кет­тік кірістер бас­қармасына келу.

Сенімсіз салық төлеушілер тізі­мінен алып тастаудың жалпы мерзі­мі – 5 жұмыс күні.

Тізімнен шығарылғанын 5 күн­нен кейін «Сенімсіз төлеу­ші­лер­ді іздеу» бөлімінде сайттан тексеруге болады.

Әрекетсіз салық төлеуші болу­дың кемшіліктері

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімін­де­гілердің мынадай салдары бар:

- ҚҚС бойынша есептен шығару;

- серіктестік қызметіндегі контра­гент­тердің күмәндануы;

- банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігінің болмауы.

2022 жылы әрекетсіз деп та­ныл­ған барлық салық төлеу­ші­лер­дің саны 11 180 адамды құ­рай­ды.

Бөлісу:
Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз... · Egemen Qazaqstan