Оқиға
1 мин оқу 120

Риддерде жоғалған ер адамның денесі орманнан табылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті.

«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Риддерде жоғалған ер адамның денесі орманнан табылды · Egemen Qazaqstan