Әлем
1 мин оқу 304
Иранда селден 4 адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Иранның Тегеран провинциясында сел мен су тасқынынан төрт адам зардап шекті, 9 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бір күн бұрын Тегеран мен оның маңайында толассыз жауған жаңбыр сел мен көшкінге ұласқан.
Қазіргі сәтте Имамзаде Давуд ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жағдайға байланысты Иран Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир-Хусейн Коливенд және Теһран губернаторы Мухсин Мансуримен шұғыл жиын өткізді.
Иран президенті Эбрахим Раиси құтқару жұмыстарын жеделдетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.
Бөлісу:
