Футбол
1 мин оқу 310

«Қызыл-Жар» Конференция лигасында сенсация жасады

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының намысын қорғайтын &laquo;Қызыл-Жар&raquo; Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://vesti.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Vesti.kz-ке</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

«Астана Аренадағы» бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, «Қызыл-Жар» жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Бөлісу:
«Қызыл-Жар» Конференция лигасында сенсация жасады · Egemen Qazaqstan