Оқиға
1 мин оқу 110

Алматының орталық ауруханасына «бомба» қойылды

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық Полиция департаментіне Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл ақпарат түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазір медициналық мекеменің аумағында тексеру және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланды. Саперлер жұмылдырылды», деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы «MOSKVA Metropolitan» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бірнеше рет түскен болатын. Тәртіп сақшылары сауда орталығынан 14 маусым, 21 маусым, 4 және 7 шілдеде адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды.

Бөлісу:
Алматының орталық ауруханасына «бомба» қойылды · Egemen Qazaqstan