Аймақтар
1 мин оқу 232

Шымкентте жүк көлігі өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 30 шілде күні түскі сағат 15:36-да шамасында болған.

Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында «Газель» жүк көлігі өртке оранған. Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.

«Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды», делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте жүк көлігі өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan