Жаңалықтар
1 мин оқу 346

Телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Малайзия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Бөлісу:
Телефон арқылы сөйлесті · Egemen Qazaqstan