Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет синоптиктері 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
