Оқиға
1 мин оқу 270

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болып, тағы 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға бүгін, түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Ордабасы ауданы аумағынан өтетін «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында «Lada Priora» мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Бұдан бөлек, «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

«Бүгінгі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды · Egemen Qazaqstan