Аймақтар
1 мин оқу 380

Ұлтаралық алауыздық туғызған ерлі-зайыпты сотталды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда елдің бүтіндігін бұзуды насихаттап, ұлтаралық алауыздық туғызған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздықты туғызған ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Күйеуі мен әйелі енді алдағы 5 жылды қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өткізеді. Былтыр желтоқсан айында Петропавл тұрғындары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің және СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің көзіне түскен.

Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде және YouTube арнасында Солтүстік Қазақстан облысын және Петропавлды Ресейдің құрамына беру қажеттігі жайында қайта-қайта жазып, айтып, осылайша елдің тұтастығын бұзуды насихаттады.

Өңірдегі және жалпы елдегі түрлі ұлт өкілдері арасында, жалпы қоғамда ұлтараздық туғызды.

Бөлісу:
Ұлтаралық алауыздық туғызған ерлі-зайыпты сотталды · Egemen Qazaqstan