Алматы ICCA туристік қауымдастығының мүшесі болды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды (International Congress & Convention Association), деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз», деді Алматының туристік ақпараттық орталығының директоры Едіге Марғұлан.
MICE-туризм соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түріне айналды. MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд-қа бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.
Айта кетсек, ICCA мүшелері – 88 түрлі елдегі 950 қала. ICCA рейтингісіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).