Кувейтте парламент таратылды
<p style="text-align: justify;">Сейсенбі күні Кувейттің тақ мұрагері шейх Машал әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабах елдің Ұлттық ассамблеясын (парламент) ресми түрде тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Тақ мұрагері жарлықта парламентті тарату елдің бірлігіне қауіп төндіретін қазіргі алауыздықтар мен дауларды жоюға бағытталғанын айтты.
22 маусымда мұрагер Машал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Кувейт Әмірі шейх Наваф әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабахтың атынан теледидар арқылы сөз сөйлеп, заң шығарушы биліктің әкімшілік органдардың жұмысында үнемі араласуы мен әкімшілік органдардың өз міндеттерін тиісінше орындамауы тараптар арасындағы қарым-қатынастардың үзілуіне әкеліп соқтырғанын мәлімдеді.
Конституцияға сәйкес, Ұлттық жиналысты таратып, кезектен тыс парламент сайлауын өткізу шешімі қабылданды.
