Таным
1 мин оқу 272

Объективтегі Марқакөл қазағы

<p style="text-align: justify;">Бұл фотосурет географ, ботаник, этнограф, Том мемлекеттік университетінің профессоры (Сібірде құрылған алғашқы жоғары оқу орны), Оңтүстік Сібір өлкесін зерттеуге елеулі үлес қосқан В.В.Сапожниковтың (1861-1924) фотосуреттер жинағынан алыныпты.</p>

Объективтегі Марқакөл қазағы

Ол бұл фотосуреттерді 1895-1899 жылдары Таулы Алтайға жа­саған экспедициялары кезінде түсіріп, кейін Барнаулдағы Алтай мемлекеттік өлкетану мұ­ра­жайына берген. Зерттеуші 1904 жылы мұражайға жаса­ған экспедицияларының фото жи­на­ғы мен соған байланыс­ты ма­­териалдарын аталған му­зей­­ге табыстаған. Әрбір фото­су­ретке Сапожников жазған географиялық анықтамасы бар аннотация қоса беріл­ген. Топтама Оңтүстік Сібір аймағының әртүрлі географиялық нысандарын қамтитын күрде­лі және әсерлі көріністерімен ерекшеленеді. Көптеген фотосуретте Сапожников пен басқа экспедиция мүшелерінің қиын сәттермен күресіп, өзендердің суы тасыған шақтағы кездес­кен қиындықтарды жеңгенін байқауға болады. Фотосурет иесінің ғылыми қызметі 1898 жылы ол қызмет атқарған Орыс географиялық қоғамымен тығыз байланысты. Аталған коллекция Алтай мемлекет­тік өлкетану мұражайында сақтаулы. Бұл жәдігер суреттер 2000 жылдардың басында «Шекаралар кездесуі» цифрлық кітапхана жобасы үшін цифр­ландырылыпты.

Бөлісу:
Объективтегі Марқакөл қазағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар