Қоғам
1 мин оқу 690

Жүргізушілер қарызы – 355 млн теңге

<p style="text-align: justify;">Қазір екінің бірінде көлік бар. Кейбіреулер көлік алуға табан ақы маңдайы терімен тапқан табысынан жинаған қаржысын жұмсайды. Алайда &laquo;темір тұлпар&raquo; міну үшін банктен несие алып, қарызға батып жүргендер де аз емес.</p>

Жүргізушілер қарызы – 355 млн теңге

Шетелдік көлік мінгендер vip нөмір тағуға құмар. Бірақ сырт көзге қымбат мәшине мі­ніп, шікірейгендердің арасында көлік салығын төлемейтіндер кез­деседі. Мәселен, облыстық мем­лекеттік кірістер департа­мен­тінің басқарма басшысы Нұрболат Сармановтың мә­ліметінше, қазір 9 мыңға жуық тұрғын көлік салығын тө­ле­мей жүр. Қазір сондай көлік жүр­гізушілерінің берешегі 355 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде төленбеген көлік салығының қарызы 283 млн теңгеге жуықтаса, 72 млн тең­ге­ден астамы – өсімпұл.

– Ең қомақты қарыз сомасы Атырау қаласында тірке­ліп отыр. Мұнайлы шаһар тұр­ғын­дарының көлік салығына 278 млн теңге көлемінде берешегі бар. Ал Жылыой ауда­нын­да­ғы автокөлік иелері 37 млн теңге көлемінде салық төле­ме­ген. Құрманғазы ауданы жүр­гізу­шілерінің қарызы 16,5 млн тең­ге­ге жетті, – дейді Нұрболат Сарманов.

Оның айтуынша, көлік иелерінің көбі салық төлеуге сал­ғырт қарайды. Сол себептен, көлік салығы айлық есеп­тік көрсеткіш негізінде есеп­телетіндіктен, жыл сайын өсіп отырады. Оның үстіне же­ңіл автокөлік 2013 жыл­дың 31 желтоқсанынан кейін құ­рас­тырылса немесе осы уа­қыт­­тан кейін Қазақстан аума­ғын­да тіркелген болса, онда са­лық көлемі тіптен ұлғая­ды. Са­лық­тың мөлшерін мемле­кет­тік кі­ріс­тер органдарына бар­май-ақ, е-Salyq Azamat мо­биль­­дік және екінші деңгейлі банк­тердің қосымшалары ар­қы­лы төлеу мүмкіндігі бар.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жүргізушілер қарызы – 355 млн теңге · Egemen Qazaqstan