Қоғам
1 мин оқу 410

Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады

<p style="text-align: justify;">Байқоңыр ғарыш айлағында &laquo;Союз-2.1б&raquo; зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спутник 9 тамызда айлақтан ұшырылады.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс.

Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған. Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты - ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.

Бөлісу:
Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады · Egemen Qazaqstan