Оқиға
1 мин оқу 302

Алматы облысында велосипедшіні көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шы шақырымында болған. Мазда көлігінің 49 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.

Бөлісу:
Алматы облысында велосипедшіні көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan