Спорт
1 мин оқу 410

Рината Сұлтанова Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">5 тамызда Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://pavlodarnews.kz/">Pavlodarnews.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Доданы Қазақстанның тректегі велоспорт командасы екі медальмен сәтті бастады. Павлодар облысының спортшысы Рината Сұлтанова велосипедпен тректегі «скретч» жарысында 1-орын еншіледі.

- Менің дайындығым Нұр-Сұлтан қаласындағы велотректе өтті. Бұл спортта жүргеніме 14 жыл болды. Өзімді спорттың бірнеше түрінен сынап көрдім. Велоспорт қызықты болып көрінді, - деді Рината Сұлтанова.

Спортшы алтын медаль алғандағы жарысы жайлы да айтып өтті.

- Жалпы, скретч деген – тактикалық жарыс. Тактиканы әр спортшы өзіне қарай құрады. Бүгін қарсыластарымның менен 1 айналымға асып кетпеуін қарап отырдым. Ал, соңында сытылып шығып, мәреге бірінші келудің сәтін күттім. Бұл маған жеңіс әкелді, - деді велоспортшы.

Айта кетсек, бұл жарыс түріне 8 елдің спортшылары қатысты.

Бөлісу:
Рината Сұлтанова Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды · Egemen Qazaqstan