Оқиға
1 мин оқу 370
Ресейде 10 адам саңырауқұлақтан уланып қалды
<p style="text-align: justify;">Ресейдің Нижний Новгород облысында он адам саңырауқұлақтан уланып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы осы облыстың денсаулық сақтау министрі Давид Мелик-Гусейнов Telegram-арнасында мәлімдеді.
Олардың барлығы да интоксикация белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында бала да бар.
«Саңырауқұлақпен улану белгілері төрт адамда анық байқалады. Бір адамның жағдайы орташа ауырлықта», делінген хабарламада.
Оқиға орнында жансақтау бөлімінің бригадасы мен облыстың бас токсикологы жұмыс істеп жатыр. Ауруханаға түскендердің барлығы «қолшатыр» саңырауқұлақтарын жегені белгілі болды.
Бөлісу:
