Спорт
1 мин оқу 182

Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді

<p style="text-align: justify;">Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары өтуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлоларлық Рината Сұлтанова додада велоспорттан екінші жарысқа қатысып, тағы да алтыннан алқа тақты. Ол 5 тамызда тректегі «скретч» жарысында 1-орын алған болатын.

- Рината Сұлтанова Ислам ынтымақтастық ойындарындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Із кесу сайысында алтын медаль иегері атанды және ол 3 минут 36 секундта 3 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның рекордын орнатты, - деді Павлодар облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебі таратқан хабарламада.


Еске салайық, Рината Сұлтанова велоспорттан Азия чемпионатының 6 мәрте, Азия кубогінің 2 мәрте жүлдегері. 

Бөлісу:
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді · Egemen Qazaqstan