Коронавирус
1 мин оқу 150
Елорда «сары» аймақта тұр
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2022 жылғы 8 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомство дерегінше, «қызыл» аймаққа бір де бір өңір кірмеген. Ал «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
Қалған өңірлер, атап айтқанда: Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары - «жасыл» аймақта.
Бөлісу:
