Қоғам
1 мин оқу 313

Елімізде бір аптада 3397 қылмыс тіркелді

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.

Бөлісу:
Елімізде бір аптада 3397 қылмыс тіркелді · Egemen Qazaqstan