Аймақтар
1 мин оқу 383

Оралда кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, оқиға 6 тамыз күні болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Бөлісу:
Оралда кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды · Egemen Qazaqstan