Аймақтар
1 мин оқу 1,480

Цифрландыру жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Облысқа іссапармен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қызылорда қаласының №3 қалалық емханасына барды. Ведомство басшысы емхананы аралау барысында дәрігерлермен әңгімелесіп, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуде қандай мәселелерге тап болатынын сұрап білді.</p>

Цифрландыру жұмысымен танысты

Медицина мекемесін аралау барысында министр маммография кабинетіне өтіп, маммографиялық аппараттың PACS жүйесіне қалай қосыл­ға­нымен таныс болды. Аталған жүйе пациенттің ауруының тарихын бірнеше дәрігердің бір жүйеден көруіне және уақытты барынша үнемдеуге көмек береді. PACS жүйесі Қызылорда облысының 13 медициналық ұйымына енгізілген.

Сондай-ақ министр облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масы медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, цифрландыру бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін Б.Мусин Қы­зыл­орда қаласының халыққа қыз­мет көрсететін цифрлы кең­сенің жұмысымен танысты. Атал­ған цифрлы кең­седе осы жылдың 6 айында азаматтарға 22 129 мемлекеттік қызмет көр­сетілген.

Ведомство басшысы түстен кейін Қызылор­да қала­­сын­дағы «Достық үйінде» өңір тұр­ғын­да­рымен кез­десіп, олар­дың сұрақтарына жауап береді.

Бөлісу:
Цифрландыру жұмысымен танысты · Egemen Qazaqstan