Теннис
1 мин оқу 910

Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Михаил Кукушкин Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, М. Кукушкин бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

М. Кукушкин ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Ол әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып кетті.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Чикагода америкалық Бен Шелтонға жол берді – 0:6, 6:7 (5:7).

Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер жарысында италиялық Александр Вайстан ұтылып қалды – 3:6, 1:6.

Торонто мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Анна Бондарь – бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5.

Бөлісу:
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті · Egemen Qazaqstan