Абай
1 мин оқу 445

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында Абай күнін атап өту апта бойына жалғаспақ. Ұлы ақынның туған күнінде бастау алған мәдени іс-шаралар қатарында &laquo;Абай әндері&raquo; атты &laquo;Үшқоңыр&raquo; фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті, &laquo;Үмбетәлі жырларындағы &ndash; Абай бейнесі&raquo; атты әдеби-танымдық жиын, &laquo;Хантәңірі&raquo; халық театрының &laquo;Телғара&raquo; фильм-спектаклінің қойылымы және &laquo;Абай &ndash; жыршы, ұлы ақыны елімнің&raquo; атты поэзия кеші бар.</p>

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Ал дәл Абай күні мерекесіне орай Талғар ауданының Жаңалық ауылындағы «Аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған музейде «Абайдың ақын ұлдары» атты кітаптың тұсау­кесері өтті. Жиында Абай­дың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары жайында көпшілікке белгісіз мәліметтерден сыр шер­тілді. Осы іс-шарада «Абай­дың ақын ұлдары» атты еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Кітапта дала даныш­панының талантты ұл­дары Ақыл­бай, Мағауия және Турағұл және немересі Әубәкір Ақылбайұлы жайлы зерттеулер зерделенген. Кітап авторы – белгілі абайтанушы, жазушы Болат Жүнісбеков.

– Абайдың тұңғышы Ақыл­бай мен Мағауия аты әйгілі бір­талай көркем дастандарды жазған. Ал Турағұл қара сөздің хас шебері болған. Бұдан бөлек аудармашылығы да бір төбе. Немересі Әубәкірдің өлең­дерінде Абай үлгісі сайрап жатыр. Ол сати­ралық өлеңдерімен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, көлемді дастандар жазған. Өкінішке қарай, кеңес­тік кері саясаттың тас құрсауы кемеңгер ұрпақтарын да айналып өтпеген. Ал кітаптың тұсаукесерінің мына қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкәрімнен бастап, 14 ұр­пағы қуғын көрген. Қысқасы, Кеңес өкіметі Абай ұрпақтарына оң қабақ танытпаған. Ал енді бүгінгі жастар Абай арман­даған­дай білімді, білікті болуы керек қой», – дейді кітап авторы Б.Жүнісбеков.

Алматы облысы

Бөлісу:
Жаңа кітаптың тұсауы кесілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар